Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 234 дерегі анықталды
Қызылорда облысында «Браконьер» ЖПІШ барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 234 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан – 20 қараша аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 234 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың бойынша 147 дерегі анықталды, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 35 дерегі тіркелді. Сондай-ақ 9 заңсыз аңшылық дерегі анықталды.
Сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Рейд кезінде облыс тұрғындарынан ІІО-да тіркелмеген 24 аңшы мылтығы анықталып, тәркіленді. Анықталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.