Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізілді
Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция өз кезегінде террористік тұрғыдан осал 82 нысанды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бұл адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Бұлардың көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты адам көп жиналатын орындар.
ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы полиция департаменті 82 нысанды тексеріп, оның 27 объектісі талапқа мүлдем сәйкес келмеуіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік хаттама ресімдеді, 36 объектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқама берді. Қалған 46 объектінің талапқа сай келетіні анықталды.
Бұл терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы тексерулер нысандар талапқа толық сәйкестендірілгенге дейін жүргізілетіндігін объекті басшыларының назарына саламыз!