Қызылорда облысында төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдікті анықталды
Қызылорда облысында төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу аудандағы дәріхананың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлаған. Сөйтіп жәбірленушіге жалпы 2,6 млн теңгеге жуық шығын келтірілген.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, ақша ұрлығы қылмысын жасаған күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қол хат алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.