Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тұрғын көлігін тауып берген полицейлерге алғысын айтты

Қызылорда облысында тұрғын көлігін тауып берген полицейлерге алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы көлігін тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тамыз айының 16 күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған Ваз-2107 автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткендігі туралы хабарлаған.

Шиелі ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері Т.Әбдіраманов, А.Алиханов және бөлімінің жедел уәкілі А.Изимбетов жедел-іздестіру жұмыстары барысында автокөлікті заңсыз иемдену дерегіне қатысы бар тұрғынды, кенттегі мөлтек аудандарының бірінен бір үйдің қорасына соғып тұрған жерінен ұстады.

Күдікті ретінде ұсталған 27 жастағы кент тұрғыны екендігі белгілі болып, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Айғақ зат ретінде ұрланған автокөлік айып алаңына қойылды.​ ​

Қазіргі таңда орын алған дерек автокөлікті жымқыру мақсатынсыз заңсыз иемдену бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру