Түркістанда әйел қонаққа барып, құрбысын тонап кетті
Түркістанда әйел қонаққа барып, құрбысын тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Оның айтуынша құрбысының үйінде қонақта отырған сәтінде құрбысы Iphone S6 маркалы ұялы телефонын ашықтан ашық алып, қайта қайтармаған. Жәбірленуші әйелге 150 000 теңге шығын келген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді.
Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жәбірленуші әйелдің құрбысын өз үйінен ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің үйінде қонақта болған. Осы сәтте жәбірленуші мен құрбысы сөзге келіп қалып, ұялы телефонын келісімінсіз ашықтан ашық алып қойған. Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркілеп, жәбірленушіге қайтарып берді. Жәбірленуші әйел полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмысына өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Орта жастағы күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.