Қызылорда облысында тұрғыннан тіркелмеген қару тәркіленді
Қызылорда облысында тұрғыннан тіркелмеген қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 наурызда сағат 13:50:де «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД Сырдария ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы көшелердің бірінде ауыл тұрғынын тоқтатқан.
Тексеру барысында тұрғынның ІІО-да тіркеуде жоқ 16-калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені анықталды.
Осы дерек бойынша құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.