Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Василий Скляр: “Мемлекет басшысының Жолдауын азаматтардың игілігі үшін жүзеге асырамыз”

Павлодар облысының бас полицейі 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жолдау жасады.

– Биылғы Жолдау саяси реформалардың жаңа бағдарламасын және таяу уақытта жүзеге асырылуы тиіс бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыруға арналды. Осылайша Президент Бас прокуратураға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігі туралы тапсырма берді. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі болып саналады. Көбінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел полицияға хабарласа тұра, агрессорға қатысты мәлімдеме жасаудан және шаралар қабылдаудан бас тартады, ал кейбіреулері берген өтінішін қайта алады. Содан кейін оған қатысты да, оның балаларына қатысты да осындай құқық бұзушылықтар қайтадан қайталанады. Мұның бәрі психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдің зорлық-зомбылық көрсеткен адамынан қорқатындығына байланысты. Президенттің осы бағыттағы заңды қайта қарау және жетілдіру тапсырмасы дұрыс әрі уақтылы шешім деп санаймын. Біз азаматтардың полицияға жүгінген әрбір өтінішіне жедел әрекет етуді жалғастырамыз, бірде-бір құқық бұзушылық назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар, біз бүгін полицияның сенімін нығайтуға көп көңіл бөлеміз, сондай-ақ “жұртқа жақын полиция” жобасын жетілдіру үшін үлкен жұмыстар жасаудамыз. Біздің облыста 102 мобильді қосымшасы іске қосылды, онда полицияның көмегін қажет ететін кез келген адам аудио, бейне қоңырау арқылы құқық бұзушылық туралы хабарлай алады және фотосуреттер мен басқа да қажетті ақпаратты жібере алады, өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтың орналасқан жерін анықтайды және қоңырауға жедел жауап береді. Полиция үнемі “Тұрмыс”, “Құқықтық тәртіп” және басқа да жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізеді, онда құқықтық тәртіп сақшылары әртүрлі құқық бұзушылықтарды және оларға бейім адамдарды анықтай отырып, пәтерлерді, аулаларды аралап шығады. Профилактикалық әңгімелер және көптеген қылмыстардың алдын алатын басқа да алдын-алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Павлодар облысының бас полицейі Василий Скляр

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру