Қызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленді
Қызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленіп, жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық полицейлер «Қарасора – 2023» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сырдария ауданы, Бесарық ауылы тұрғынының мал қорасынан ірі есірткі алқабын анықтап, күдіктіні ұстаған.
Жедел-тергеу тобымен тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 35 түбі анықталды. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек, ұсталған азаматтың жеке заттарын, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: шланга, күрек, кетпен тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, 35 түп сораның жалпы салмағы 22 келіге жуық болып шыққан.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2–бөлігіне (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.