Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының ПД қызметкерлері қол күрестен турнир ұйымдастырды

Атырау облысының ПД қызметкерлері спорт күніне орай қол күрестен жекелей турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары” негізінде Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен бұқаралық спортты дамыту клубы бірлесіп жастар арасында қол күрестен жекелей турнир өткізген.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі және басқа да зиянды әдеттерге қарсы имунитетті қалыптастыру.

Турнирге 70 келі салмаққа дейін және 70 келі салмақтан жоғары дәрежеде аула жастары қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ жеңімпаз қатысушыларға Атырау облысы полиция департаменті атынан естелік сыйлықтары да табысталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру