Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда абаттандыру қағидаларының 3 мыңнан астам бұзушылығы анықталды

Петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының 3 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының бұзушылықтарын анықтау және ескерту бойынша рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізіп тұрады. Өткен демалыс күндері кезекті рейдтердің бірінде Московская көшесінде үйіліп жатқан құрылыс қалдықтары анықталды.

Металл қабылдау пунктінің иесі құрылыс қалдықтарын қоршаудың бойында үйіп қойған. Учаскелік инспекторлар профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ескерту жазып берді. Қала тұрғыны 10 күн ішінде бұзушылықты жоюға міндеттелді.

– Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бұзушылықтарын анықтау – учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы бағыттардың бірі. Естеріңізге сала кетейік, абаттандыру қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – дейді Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

Жыл басынан облыс орталығының аумағында учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының 3230 бұзушылығын анықтады. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру