Қызылорда облысында “Учаске” іс-шарасы барысында есепте тұрғандар тексерілуде
Қызылорда облысында “Учаске” іс-шарасы барысында есепте тұрғандар тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері, учаскелік және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейд ұйымдастырды.
Рейд барысында Ішкі істер органдарының есебінде тұрған отбасылар тұрғылықты жерлерінен тексерілуде.
Облыс бойынша “Қолайсыз отбасы” санатында 83 тұлға есепте тұрады. Қазіргі таңда полиция инспекторларымен 63 отбасы мекенжайы бойынша тексеріліп, профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, міндеттері түсіндірілді.
Сондай-ақ жұмыстар барысын жандандыру мақсатында полиция қызметкерлері отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға, жолын кесуге арналған жадынамалар таратты.