Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда алаяқ әйел тұрғынды 2,8 млн теңгеге алдап кетті

Жамбылда алаяқ әйел тұрғынды 2,8 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына Байзақ ауданының 27 жастағы тұрғыны жүгінді. Белгісіз әйел ағымдағы жылдың шілде айында “Ауыл-Береке” базарының жанында азық-түлік өнімдерін көтерме бағамен сатып алуға уәде беріп, алдау жолымен оның 2 800 000 теңге көлеміндегі қаржысын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл облысы Шу ауданының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жүргізілуде.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР заңында бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не мүлкі тәркіленіп, бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру