Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер адасқан 90 жастағы қарияны тапты

Шымкенттік полицейлер адасқан 90 жастағы қарияны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қазанда Абай АПБ-ның кезекші бөліміне белгісіз азаматтың адасып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Шымкенттік полицейлер қызмет барысында жолда үйін таба алмай тұрған ақсақалды байқады. Қасына жақындап, мән-жайды сұрастырып, ауруханаға шыққан ақсақал адасып, үйін таба алмай тұрғанын түсінді. Аталған жайтқа бей-жай қарамаған тәртіп сақшысы қарияны үйіне жеткізіп салды.

Осылайша, тәртіп сақшылары адасқан азаматтың мекенжайын анықтап, үйіне жеткізді. Баласы әкесінің аман-есен табылғанына қуанып, полицейлерге, оның ішінде Абай АПБ анықтаушысы Азамат Мырзахметовке алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру