Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жолдарында демалыс күндері бес жол-көлік оқиғасы тіркелді

СҚО жолдарында демалыс күндері бес жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жауған қар, еріген қар суы, жел – петропавлдықтар жұмыс аптасын осылай қарсы алды. Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға шақырады – маусым ауысқан уақытта жол-көлік оқиғасының қатысушысы болу қаупі айтарлықтай арта түседі.

Өткен демалыс күндері СҚО жолдарында бес жол-көлік оқиғасы тіркелді. Облыс орталығында Петропавл қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының “102” арнасына жол-көлік оқиғалары бойынша төрт қоңырау түсті. Облыстың қала сыртындағы жолдарында бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ол қала сыртындағы жолдың бойында Қызылжар ауданының Новокаменка селосының тұсында болған.

2021 ж. 31.10. сағат 15 шамасында “Жезқазған – Петропавл” автожолының 935 шақырымында 1999 жылы туған Audi маркалы көлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай аударылған. Нәтижесінде үш жолаушы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген, жолаушылардың біреуі оқиға орнында қайтыс болған. Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

– Қыстың келуіне және ауа райының нашарлауына байланысты, жүргізушілерге жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру қажеттігі туралы естеріне саламыз. Дөңгелекті уақтылы ауыстыру жүргізушіге қолайсыз ауа райында жолдағы жағдайды сенімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналарына: күзгі демалыстың басталуына байланысты балалармен жол жүрісмі қағидаларын қатаң сақтау; жолдың жүру бөлігіне жақын ойнамау; сондай-ақ көшеден өткен кезде автокөліктің сізді өткізуіне көз жеткізу қажеттігі туралы әңгіме жүргізуге назар аудартамыз. Қыста көлікті тежеу жолы айтарлықтай артады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

10 айда Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 151 жол апаты тіркелген, оның нәтижесінде 28 адам қаза тауып, 206-сы жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру