Қызылорда облысында "Уылдырық-2022" ЖПІШ аясында 30 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында "Уылдырық" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 30 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қала аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезінде заң бұзушылықты болдырмау және алдын алу, анықтау мақсатында "Уылдырық-2022" атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Шара барысында табиғатты қорғау тобының инспекторы және жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағына қарасты су орындарында заңсыз балық аулауды болдырмау, жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара кезінде барлығы 30 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) - 5, 382-бабымен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) 25 құқық бұзушылық анықталды.