Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі алынды

Қызылорда облысында «Қарасора – 2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың маусым айынан бастап республика көлемінде «Қарасора – 2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл қазан айының 31 жұлдызына дейін жалғасады. Аймақтағы ахуал жайында Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Дуненов тарқатып айтып берді.

– Қызылорда облысының полиция департаментінен іс-шараны жүргізуге барлығы 212 қызметкер, 21 автокөлік техникасы, бір дрон және жергілікті әкімдіктен алты дрон аппараты жұмылдырылды. ҚР ІІМ Ұлттық Ұланынан 20 сарбаз, бес автокөлік бөлінді, сондай-ақ әуеден шолу жүргізу үшін әскери тік ұшақ жұмылдырылды. Мониторинг барысында барлығы 6 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткі өткізу және 55 есірткі өсіру дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 тонна 890 келі есірткі заты алынды, – деді Ардақ Әбішұлы.

Айта кету керек, іс-шараның мақсаты – есірткіге еліткендерді анықтау, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіп-баптауының алдын алу, героин трафигін жою. Сонымен қатар жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру