Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамыз күні сағат 15:30 шамасында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Ойынды бекетінің тұсында 36 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, қоз ауызды аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру