Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған 19 нысанның жұмысы тоқтатылды

Шымкентте бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысанның жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус індеті кең таралуына қарамастан, ойын-сауық (кафе, ресторан, лондж-бар, караоке-бар) орындары және тойханалар карантиндік шектеулерді бұза отырып, өз қызметтерін жасырын түрде жалғастыруда.

Осыған байланысты мобильдік топтардың жұмысы күшейтіліп, қазіргі уақытта қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда.

Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаменті аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен жыл басынан ҚР ӘҚБтК-нің 425-бап бойынша барлығы 2 076 бұзушылық анықталып, жинақтау іс-құжаттары Санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолдануда. Оның ішінде той немесе басқа да жиын өткізген 287 жайт анықталды. Рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысан (тойхана, мейрамхана, кафелер) анықталып, сот арқылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, қызметтері бір ай мерзімге тоқтатылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру