Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер әуесқой балықшыларды ұстады

Павлодар облысында полицейлер әуесқой балықшыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тұрақты негізде заңсыз балық аулауға, тасымалдауға және саудаға қарсы күрес бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

– Бірнеше күн бұрын Шідерті ауылының жанындағы Қантай көлінде тормен заңсыз балық аулады деген күдікпен Ресей Федерациясының 62 жастағы тұрғыны анықталды. Тексеру барысында ер адамнан бес дана тор, резеңке қайық, сондай-ақ 112 дана тұқы балық табылып, тәркіленді. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Осыған ұқсас факті 27 шілде күні сағат 23:55-те Көктөбе ауылдық округінің Шыған ауылының маңындағы Белая өзенінің жайылмасында анықталды. 49 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, оның қайығынан жалпы салмағы 14 келі бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ легирленген мата торы табылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-тармағы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру