Қызылорда облысында жоғалған 52 жастағы ер адам аман-есен табылды
Қызылорда облысында жоғалған 52 жастағы ер адам аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың шілде айының 25 күні Сырдария ауданы Аманкелді ауылының тұрғыны 52 жастағы азаматшадан заңды некедегі 57 жастағы күйеуі шілде айының 23 күні сағат 06:00 шамасында тұрғын үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен.
https://youtube.com/shorts/TGu32sBqzZM?feature=share
Аталған хабарлама бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде белгісіз бағытқа шығып жоғалып кеткен ер адамды әлсіреп жатқан жерінен Аманкелді ауылы сыртынан 20 шақырым қашықтықта далалық тоғай арасынан учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Көшекбаев Қыдырбек және Бижанов Мейрамбек екеуі тауып, жанұясына аман-есен тапсырды.