Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында дүкенге ұрлыққа түскен жігіт ұсталды

Түркістан облысында дүкенге ұрлыққа түскен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның азық-түлік дүкеніне белгісіз біреу терезесін бұзу арқылы заңсыз кіріп, кассадағы 30 000 теңге ақшасы мен сатылымда тұрған 17 000 теңгенің түрлі темекі, сусындарын жымқырып кеткен. Ұрлықтың құрбаны болған тұрғын, осылайша полицейлерге арызданды.

Орын алған бөтеннің мүлкін жымқыру жайтын ашу мақсатында келестік қырағы полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден сұрастырып, қажетті шараларды іске асырды. Жау алыстан келмейтінін ескерген полицейлер, жақын аумақтарды, күдікке ілінген азаматтарды мұқият тексеріп, күдіктінің ізіне түсті. Нәтижесінде сол күні-ақ ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Күдікке ілінген жас жігіт осы ауылдың тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жас жігіт ұрлық жасайтын күні ішімдік ішкен, сонымен қатар оңай жолмен пайда табу мақсатында дүкеннің ағаш терезесін қажетті құралды пайдалана отырып, толық көтеріп алып тастап, дүкенге заңсыз енген. Содан қолына ілінгенді алып, қашып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру