Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 мамыр Арал ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған аудан тұрғыны мас күйінде екені анықталды. Сондай-ақ жүргізуші сот шешімімен 16 қаңтар 2019 жылы бес жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші ауданның полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.