Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефон ұтқан ақтөбелік ақшасынан айырылып қалды

Ақтөбенің тұрғыны қымбат телефонды ұтуға дәмеленіп, нәтижесінде 40 мың теңгеден астам ақшадан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде алаяқтар қымбат телефон ұтысына қатысқан ер адамның банк картасынан ақша ұрлаған.

Белгісіз адам “Instagram” қосымшасы арқылы жәбірленушімен хат алмасып, “Айфон 12” ұялы телефонын ұтысына қатыстыру сылтауымен деректерін алып, банк картасының шотынан 44 мың теңге сомасында ақша қаражатын иемденген.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және осы қылмысты жасаған адамды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Полиция алаяқтардың жылдам және ширақ екені туралы ескертеді. Күн сайын облыстың ішкі істер органдарының жедел мәліметіне сүйенсек, қашықтықтан алаяқтықтың бірнеше деректері тіркелуде.

– Қылмыскерлер ұялы байланыс құралдарын, гаджеттерді, интернетті қолдана отырып, азаматтардың ақшаларын түрлі сылтаулармен заңсыз иемденеді.
Әдетте, көп жағдайда зардап шеккендер тез сенгіш келеді. Алаяқтардың әдістері туралы ақпарат үнемі интернетте жарияланады, ал полиция қызметкерлері қылмыстың жолын кесу, профилактикалық іс-шаралар туралы ескертеді. Бірақ, өкінішке қарай, азаматтар алаяқтардың айла – амалына түсіп, алданып қалады, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Полиция қызметкерлері қырағылық танытуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру