Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жүргізуші «Аркан» құрылғысына 35 мәрте түскен

Қызылорда облысында жүргізуші «Аркан» құрылғысына 35 мәрте түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 қарашада Қызылорда облысы ПД ӘПБ қызметкерлерімен қызмет атқару барысында Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған ВАЗ-2115 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 44 жастағы жүргізушінің көлік құралына тиесілі құжаттары толық емес күйде басқарғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.

Сонымен қатар бұл автокөлікке «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 35 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2-бөліктері бойынша 680 мың теңге сомасында айыппұл салынған.

Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған. Қызылорда облысы Полиция департаменті көлік құралына қатысты барлық құжаттарды уақытылы заңдастырып жүруге және жол ережесін бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру