Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Үй алып беремін”: алаяққа сенген Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды

Үй аламын деген Шымкент тұрғыны алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мемлекеттен пәтер алып беремін деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

31 қазан сағат 11:38-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін деп, 5,6 млн теңгеден астам қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.

Сондай-ақ, ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру