Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғынын бір млн теңге шығынға батырған әйел ұсталды

Қызылорда тұрғынын бір млн теңге шығынға батырған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

7 қарашада Қызылорда қаласы ПБ кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, шілде айында белгісіз азаматша қайтарымсыз несие алып беремін деп сенімге кіріп, бір млн теңге қаражатын алып, осы күнге дейін түрлі жалған ақпарат беріп, алдап келген.

Басқарманың криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 42 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру