Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемесінде арнайы оқу-жаттығу кешені өтті
Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемесінде арнайы оқу-жаттығу кешені өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жоспарға сәйкес, арнайы оқу жаттығу кешені өтті. Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ жоспарға сәйкес әрекет ету дайындығы тексерілді.
"Жаза өтеуден жалтару және бой тасалау дерегі" бойынша өткізілген оқу-жаттығуға Қызылорда облыстық полиция департаментінің жол патрульдік полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет орталығы, мекеме қызметкерлері атсалысты. Оқу-жаттығу барысында сотталған азаматтың мекемеден бой тасалаған жағдайда бастапқы ден қою алгоритмдері іс жүзінде жүргізілді.
- Бұл оқу-жаттығу кешені мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының жақсы деңгейде екендігін көрсетті. Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, мекеме басшылығы тарапынан тиісті сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді, - деп атап өтті мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мамбетов.