Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемесінде арнайы оқу-жаттығу кешені өтті

Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемесінде арнайы оқу-жаттығу кешені өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жоспарға сәйкес, арнайы оқу жаттығу кешені өтті. Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ жоспарға сәйкес әрекет ету дайындығы тексерілді.

“Жаза өтеуден жалтару және бой тасалау дерегі” бойынша өткізілген оқу-жаттығуға Қызылорда облыстық полиция департаментінің жол патрульдік полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет орталығы, мекеме қызметкерлері атсалысты. Оқу-жаттығу барысында сотталған азаматтың мекемеден бой тасалаған жағдайда бастапқы ден қою алгоритмдері іс жүзінде жүргізілді.

– Бұл оқу-жаттығу кешені мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының жақсы деңгейде екендігін көрсетті. Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, мекеме басшылығы тарапынан тиісті сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді, – деп атап өтті мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру