Қызылорда облысындағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды
Қызылорда облысындағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
17 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 12:30 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеді.
Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған бұл азаматша мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3 тармағымен айыпталушы 42 жастағы азаматқа сәлемдеме әкелген әйелі болып шықты.
Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті қадағалау барысында, манты тағамының ішінен фольгаға оралған бір сұр түсті флешканы жасырып қойғанын анықтады.
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.