Қызылорда облысындағы тергеу мекемесінде сотталған азамат заңды некеге тұрды
Қызылорда облысындағы тергеу мекемесінде сотталған азамат заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілде күні Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігімен жазасын өтеп жатқан И. есімді азамат жұбайы Бесімдімен заңды некеге тұрды. Неке куәлігін Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінің іс жүргізушісі табыстап, жас жұбайларды заңды неке куәлігімен құттықтады.
– Қылмыс жасап тергеу мекемесінде отырғанымда жұбайым қолдап, күнсайын сәлем-сауқат әкеліп, жағдайымды біліп кетеді. Осы мекемеде неке қиюға болатынын білгенде қатты қуанып, сүйіктіммен ақылдасып, некелесуге бел буып, қарым-қатынасымызды заңдастыру мақсатында өтінішімізді жаздық. Мекеме заңгері Б.Абдразақовтың ықпалымымен неке куәлігімізді қолымызға алдық. Маған адал жар, мені жақсы көретін жанның табылғанына қуаныштымын. Бірнеше жылдар темір торда отырамын, мені қиын шақта қолдап, жанымда болатын жан бар, – деді жазасын өтеуші азамат.