Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы үйінің ауласында қарасора өсіріп, есірткі құралын сақтаған 45 жастағы азаматты ұстады.

“Қарасора – 2023” және “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында жедел ақпаратты іске асыру кезінде күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Нәтижесінде үйдегі картон қораптан жалпы салмағы 36 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты, ал бақшадағы егілген жүгерінің арасынан жалпы салмағы 36,1 келі болатын 125 түп қарасора табылды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру