Қызылорда облысының бас полицейі гарнизондық жиын өткізді
Қызылорда облысының бас полицейі гарнизондық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді.
Нұсқаулық жиынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан өткізді.
Аталмыш жиынға департаменттің қызметкерлері, Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет басқармасының және ҚР ІІМ-нің Ұлттық ұланының сарбаздары қатысты.
Департамент бастығы облыстың жедел жай-күйі туралы айтып, алда тұрған міндеттерді нақтылады. Облыс көлемінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Полицияның «қадамдық қолжетімділік» қағидатын іске асыру мақсатында тұрақты қатысудың әсерін қамтамасыз ету бойынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында цифрлық инновацияларды енгізу және дамыту негізінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Өзгеріске келесі қадамдардың бірі – қызметкерлердің жаңа нысанды киім түріне ауысуы болды. Полицейлер жаңа үлгідегі формаға кезең-кезеңмен ауысатын болады.
Саптық қарау барысында департамент бастығы сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, жеке құрамның әрбір қызметкері адал қызмет атқарып, қызмет өткеру уақытында мұқият болып, азаматтармен ілтипатты және әдепті қарым-қатынас жасауға бағыттады.