Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткі таратумен айналысқан студент қыз ұсталды

Арнайы іс-шаралар барысында Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен қалалық жоғары оқу орындарының бірінің 22 жастағы төртінші курс студенті есірткі таратумен айналысады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, күдікті есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жарты жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Қыз қосымшалардың бірінде

күніне 35 мың теңгеге дейін жоғары еңбекақымен жұмыс істеуді ұсынған хабарландыруға назар аударған. Хат алмасу барысында ол тыйым салынған заттарды жеткізіп салу жолымен тарату керек екенін біліп, осынша “тартымды” ұсыныстан бас тартпаған.

Өзінің қылмыстық әрекетін жасыру үшін қыз бір пәтерді жалға алып, ол жерде психотроптық заттардың үлкен партияларын бөлшектеп, қаланың әртүрлі бөліктеріне салып, таратқан. Полицейлер салмағы бір жарым грамға дейін түйіншектерге салынған 693 грамнан астам синтетикалық есірткіні тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. Сондай-ақ, қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын және олардың құқыққа қарсы әрекет ету фактілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру