Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер жаңа форма киді

Маңғыстаулық полицейлер жаңа форма киді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа нысанды киімге көшуге байланысты ПД бастығы Аян Дуйсембавтың қатысуымен жеке құрамының саптық байқауы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты халыққа Жолдауында елімізді дамытуға ықпал ететін прогрессивті реформаларды айқындады. “Қазақстан полициясының сервистік моделі” пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Үрдістерді оңтайландыру негізінде “Тиімді учаскелік полиция инспекторы” моделі құрылады. “Жұртқа жақын полиция” қағидатымен полицейлердің халықпен үнемі байланыста болуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында цифрлық инновацияны енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Өзгерістің келесі қадамдарының бірі – қызметкерлердің нысанды киімге көшуі. Тәртіп сақшыларына арналған жаңа үлгідегі киімді әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі. Полицейлерге арналған киім үлгісін әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оларға барынша ыңғайлы әрі қолайлы етіп жасауға ерекше көңіл бөлінген.

Жаңа нысанды киім үлгілері дизайны және конструкциясы бойынша патрульдік полиция және сыртқы қызмет қызметкерлеріне арналған нысанды киімдер болып топтастырылған. Осы ретте барлық сұлбасы бойынша жарық шағылыстыратын элементтерге ерекше көңіл бөлінген, бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Шара барысында ведомство басшысы қызметкерлердің қызметке дайындығын және нысанды киіммен қамтамасыз етілуін тексерді. Ол қызметкерлермен жеке тілдесіп, жаңа форманың ыңғайлылығы мен жайлылығына көңіл бөлді. Оған қоса, тәртіп сақшыларына кез келген уақытта халыққа жақын болып, ашықтықты қамтамасыз етіп, мінсіз қызмет үлгісін көрсету керектігін жеткізді.

– Сіздерге мемлекет, министрлік және біздердің тарапымыздан қызмет атқару үшін барлық жағдай жасалынуда. Талап етілетіні тек антқа адал болып, халыққа жақсы қызмет ету, – деп атап өтті өз сөзінде Аян Дүйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру