Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер бір ай бұрын ұрланған автокөлікті тапты

Жезқазғандық полицейлер бір ай бұрын ұрланған автокөлікті тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпан күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 25 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші көлігімен қаладағы дүкендердің біріне келіп, ішке кірерде көлігін оталып тұрған күйде қалдырып кеткен. Бірнеше минуттан кейін сыртқа шықса көлікті белгісіз біреу мініп кеткені анықталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,8 млн теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

27 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру