Адвокат алматылық тергеушіге қызметі үшін алғыс айтты
Адвокат алматылық тергеушіге қызметі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қорғаушы жәбірленушілердің атынан Алматы қалалық ПД басшылығына хат жазды.
– Кәсіпқойлықтың арқасында ҚР ҚК-нің 322-бабы (Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау) бойынша тергелген қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл дегеніміз, қылмыс жасағандар әділ жазаланады деген сөз. Ресми деректерге сәйкес, осы бап бойынша тек үш адам жауапқа тартылды, бұл аталған санаттағы істер бойынша құқық қолдану тәжірибесінің қаншалықты қиын екенін көрсетеді, – деді үндеу авторы.
Сондай-ақ, қорғаушы тергеуші Ж. Шешмұханованың қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғанын атап өтті.
– Әділ және заңды тергеу бұл істі тоқтатуға мүмкіндік берді. Төменгі бөлімшелерде қызмет ететін тергеу бөлімі қызметкерлерінің кәсіби және адами қасиеттерін қалалық Полиция департаментінің басшылығына жеткізуді азаматтық борышым деп білемін. Қол астыңыздағылардың арасында осындай қызметкерлердің көп болуын шын жүректен тілейміз, – деді қорғаушы.