Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз балық аулаған

Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз балық аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және облыстық Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаған  36 және 37 жастағы екі аудан тұрғыны ұсталды.

Атап айтқанда, олар Арал ауданы, Арал теңізі жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 29 келі сазан, 20 келі көксерке, 65 келі табан балығын заңсыз аулаған. Айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру