Қызылорда облысының оқушылары ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды
Қызылорда облысының оқушылары ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің оқушылары Мадияр Ақназарұлы, Дамир Жақсылықов, Назерке Әбдіқадыр республикалық «Бала және бағдаршам» жобасына қатысып, жобаның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың алғыс хатымен марапатталды.
Оқушылар тәртіп сақшыларымен бірге балаларға жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және аудан көшелерінде қауіпсіз әрекет дағдыларын үйретуде белсенділік танытты. Оларға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің алғыс хатын салтанатты түрде Қармақшы ауданы полиция бөлімінің бастығы Бақытбек Жаркинбаев табыстап, сәттілік тіледі.