Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері жастармен кездесті

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Болашақ колледжінің студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

300-ден астам студент қатысқан кездесу “Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында өтті.

Сала мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Жиынға Қызылорда облыстық ПД ювеналды полиция тобының аға инспекторы Раушан Абдразақова, Жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Гүлназ Мазқожа және психолог маманы Еркебұлан Әбсамат, Облыстық Жастар ресурстық орталығының жас отбасы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің кеңесші маманы Нұрбол Сұлтан қатысты.

Кездесу барысында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру