Қызылорда облысының полицейлері іздеуде жүрген күдіктіні тапты
Қызылорда облысының полицейлері іздеуде жүрген күдіктіні Алматы облысынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 желтоқсанда ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің криминалды полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Алаяқтық) күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, 2021 жылдан бері іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталды.
2021 жылы күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні Алматы облысының аумағында ұстаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.