Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері ұсталды

Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізіп, қала аумағында жол ережесін өрескел бұзған бірнеше көлік жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушылар жол қозғалысы ережелерін бұзып, өздерінің заңсыз әрекеттерін бейнажазбаға түсіру кезінде тоқтатылды.

Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Lada 21154 автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Тағы бір Lada 21154 автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

Автокөлік иелеріне барлығы 76575 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру