Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері мен дәрігерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Қызылорда облысында 25 полиция қызметкері мен 4 медицина маманы «Халық алғысы» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» медалімен марапатталды. «Халық алғысы» медалі Президенттің жарлығымен пандемиямен күресте айрықша көзге түскен азаматтарды ынталандыру мақсатында бекітілген болатын.

Марапаттау салтанаты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық аспан астында өткізілді.

Еңбегі еленген полицейлерді Департамент бастығы Бектөре Сұлтан құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі. 

– Төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен қызметкерлерге Мемлекет басшысының марапаты үлкен демеу. Карантин басталғалы күні – түні еңбек еттік. Артылған сенімді ақтауға тырыстық. Қиын уақытта медицина қызметкерлерімен бірге карантин режимін қамтамасыз етіп, тұрғындарға көмек көрсеттік. Бүгін міне еңбегімізге жоғары баға беріліп отыр. Біздің еңбегімізді бағалаған басшылығымызға өзімнің және әріптестерімнің атынан шын жүректен алғыс айтамын, – деді «Халық алғысы» медалімен марапатталған Бауыржан Нысанқұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру