Алматы облысының полицейлері борышкерлерді іздестіруде
Алматы облысында полиция қызметкерлері борышкерлерді анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының аумағында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, мемлекеттік кірістер органдарының және Әділет департаментінің өкілдерімен бірге айыппұл, салық міндеттемелерін, алимент және басқа да төлемдерді төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
– Жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің нәтижелері бойынша қамауға алу түріндегі шектеуі бар 172 көлік тоқтатылды. Борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 2 млн.904 мың 584 теңгеге 154 қаулы орындалды. Айыппұл төлеу туралы 18 хабарлама берілді,- деп хабарлады Алматы облысы ПД ӘПБ аға инспекторы Саят Ибраимов.
– «Крис-П радарлық-кешенді қондырғысы шектеуі бар көлік құралдарын анықтауға көмектесетінін атап өткім келеді. Қондырғы берешегі бар көлік иелерін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне сигнал береді, полиция қызметкерлері өз кезегінде көлікті одан әрі тексеру үшін тоқтатады. Аталған іс-шара қолданылған жазаны төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтауға бағытталған. Мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіледі, – деді Саят Ибраимов.