Қызылорда облысының тұрғыны есірткі сатты деген күдікке ілінді
Қызылорда облысының тұрғыны есірткі сатты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шиелі ауданының тұрғыны есірткі затын сатумен айналысып жүргені анықталып, ұсталды.
Тексеру барысында тұрғылықты үй ішінен заңсыз иемденіп, сату мақсатында дайындалған 15 сіріңке қорабына салынған есірткі заты кептірілген марихуана табылды. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.