Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері 23 жастағы автоұрыны ұстады

Қызылорда полицейлері 23 жастағы автоұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 маусым күні Қызылорда қаласы Полиция бөліміне бір мекеме тиесілі УАЗ автокөлігі ұрланғандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлерімен автокөліктің Жезқазған тас жолының «Байқадам» каналының жанында тұрған кезінде айдап әкетілгені анықталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік қала көшелірінің бірінен табылды. Күдікті ұсталып, оған қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол 23 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру