Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автотұрақтан скутер ұрлап кеткен теміртаулық жігіт анықталды

Теміртауда автотұрақтан скутер ұрлап кеткен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу алаяқтық жолмен скутерді иемденіп алғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрайды.

Куәгер автотұрақ кезекшісінің айтуы бойынша, 25-30 жастағы ер адам кешкі мезгілде келген. Скутердің иесі екеніне сендірген ол көлікті іске қосып, кетіп қалады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру