Қызылорда полицейлері жоғалып кеткен ерекше баланы тапты
Қызылорда полицейлері жоғалып кеткен ерекше баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада 15 сәуір күні сағат 19:30 шамасында 14 жастағы ерекше баланың үйінен «ойнауға кеттім», – деп белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.
Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Қызылорда қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Жақын маңдағы барлық көшелерді, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды. Оған қоса бейнебақылау камераларын тексерді.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде екі сағаттың ішінде ерекше баланы қала аумағында адасып жүрген жерінен аман-есен тауып, ата-анасына тапсырылды.
Дін аман табылған жасөспірімнің анасы «102»-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан басқарма қызметкерлері Келесов Жандос және полиция аға лейтенанттары Жандос Мәлік пен Жұмаділдаев Рахымжанға алғыстарын жеткізді.