Қызылорда тұрғыны бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлап кетті
Қызылордада бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Полиция бөлімшесіне облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Анықталғандай, кешкі сағат 21:00 шамасында арызданушының бұрынғы күйеуі жатын бөлмесіндегі терезені сындырып, 60 мың теңгеден астам ақшасы мен сөмкесін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары аясында Қызылорда қалалық ПБ-ның полицейлері күдіктіні ұстады. Ол 1985 жылы туған облыс орталығының тұрғыны. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.