Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ПИК төрағаларын күдікті жалға алушылар туралы жедел түрде хабар беруге шақырды

Алматы полициясы ПИК төрағаларын күдікті жалға алушылар туралы жедел түрде хабар беруге шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен қалалық ПИК төрағаларымен жұмыс кездесуі барысында айтылды. Жиынға аудан Әкімдері, полиция Басқармаларының басшылары мен полицияның аға учаскелік инспекторлары да қатысты. Кездесудің мақсаты – полиция қызметкерлерінің тұрғындармен және ПИК өкілдерімен, сондай-ақ жаңадан құрылған меншік иелері бірлестіктерімен (МИБ) өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

– Өткен сенбіде “Бұқар Жырау Тауэрс” тұрғын үй кешенінде болған қылмыс ПИК-тің жергілікті инспекторлармен тығыз және тиімді өзара әрекеттесу механизмі әлі күнге дейін түзетілмегенін көрсетті. Мазасызданған тұрғындардан И.есімді азаматқа қатысты ПИК-қа бірнеше рет дабылдар келіп түскен, бірақ, өкінішке орай, бұл ПИК-тан басқа жерге бармады, олар бұл туралы полицияға хабарламады. Олар негізінен ер адамның күдікті мінез-құлқына назар аударып, ең болмағанда бұл туралы учаскелік инспекторға хабарлауға міндетті болған, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Қанат Таймерденов азаматтар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз ету бірінші кезекте бірлескен ынтымақтастыққа байланысты екенін және қаладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң әсер ететіндігін атап өтті.

– Алматы қаласының полициясы тұрғындарға әрқашан да ашық. Қауіпсіздік мәселелеріне деген көзқарас өзгертілді, олар “полиция жақын маңда” қағидаты бойынша және азаматтарды қылмыстың алдын-алу іс-әрекетіне тарту арқылы жүзеге асырылады. Жақын арада тұрғын аудандарда учаскелік полиция пунктерін ұлғайту және 3 мың 028 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр, ең криминогенді жерлерде 37 модульдік полиция пунктері орнатылды. Сіздермен көп қабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерінде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында 37 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды, бұл ұрлықтың 2,1 есеге азаюына оң әсер етті, – деді Алматы қалалық ПД басшысы.

Көші-қон ағындарының өсуін ескере отырып, шаһарда жыл сайын “Участок” деп аталатын жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізіледі. Осы ЖАІ барысында жалға берілетін пәтерлер, сондай-ақ жалдамалы пәтерлерде заңсыз тұратын адамдар, оның ішінде оперативті қызығушылық тудыратын адамдар да анықталады.

– Бұл жерде бізге Сіздің көмегіңіз қажет. Бейтаныс адамдардың тұрғылықты жері туралы полицияға уақтылы хабарлау қылмыстың жасалуына жол бермейді. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізден қырағылық танытып, қызмет көрсету аймағында тұратын күдіктілер туралы жедел хабарлауыңызды сұраймын. Бұрын біз Сіздермен екі рет кездестік, соның арқасында қала тұрғындарын мазалайтын мәселелердің көпшілігі жедел шешілді. Тек өзара жауапкершілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру