Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері кіреберіс қабырғасын тепкен жасөспірімді анықтады

Павлодар қаласының полицейлері кіреберісте лифт жанындағы қабырғаны тепкен жас тәртіп бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиғаның бейнежазбасы Instagram-дағы павлодарлық пабликтердің бірінде жарияланған.2006 жылы туған кәмелетке толмаған бала әжесіне қонаққа келген. Фильмдер мен компьютерлік ойындарда көрген тәсілдерін бала лифті күтіп тұрған кезде, жай тұрмай қайталаған.

– Бұл факті Бестужев көшесіндегі 6-үйдің кіреберсіндегі бейнебақылау камерасына түсірілген. Кәмелетке толмаған бала өз іс-әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзды, – деді Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.

Полицейлер жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал заңды өкілге қатысты ҚР ӘҚБтК 435-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді.

Айта кетейік, бұл жағдайдан кейін кәмелетке толмаған бала үйдің кіреберсіндегі лифт қабырғасын ағартқан.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодароблысының полицейлері кәмелетке толмаған балаларының ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 81 заңды өкілді жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру